ТҮРКІСТАН: Мақтааралда дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтті

0
1 496

Мақтаарал аудандық мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналып іс-шара өтті.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтті

Бүгін мақталы өлкеде «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлесітігінің Мақтаарал аудандық мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алқалы жиынға аудан әкімі Б.Асанов, аудан прокуроры Ж.Ботабеков, аудандық мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының төрағасы Қ.Хаметов, аудандық соттың судьясы И.Сарқұнов және еңбек ардагерлері, аудандағы әртүрлі мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Қазіргі таңда мемлекетімізді дамытудың басты бағыттарының бірі – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға ерекше көңіл бөлініп, оның орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалынуда. Жиын барысында дәл осы еңбекті қорғау бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасалды. Сондай-ақ, ауданда орын алып жатқан еңбек даулары сөз болып, мәселені барынша бітімгершілікпен шешу қажеттілігі айтылды.

Жиын соңында талай жыл еңбек етіп, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ ардагерлерді кәсіподақтың төс белгісімен аудан әкімі Б.Асанов пен аудандық мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының төрағасы Қ.Хаметов марапаттады.