ТҮРКІСТАН: Мақтааралда көшелер жарықтандырылып, аяқжолдар салынуда

0
1 649

Аудан бойынша барлығы 7,5 шақырым көше бойына аяқжол салынатын болады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда көшелер жарықтандырылып, аяқжолдар салынуда

Мақтаарал ауданында көшелерді жарықтандыру, аяқжолдар салу қызу қарқын ала бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, аудан орталығы Мырзакент кентіндегі С.Қожанов көшесінің ортасындағы бардердың құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі кезде ауданда абаттандыру бойынша атқарылуы керек жұмыстар жоспар бойынша орындалуда.

Биыл аудан бойынша барлығы 7,5 шақырым көше бойына аяқжол салынатын болса, оның 4,3 шақырымы аудан орталығы Мырзакентте қолға алынып отыр.

Атап айтар болсақ, аудан орталығындағы Мадиходжаев көшесінде 1,4 шақырым аяқжол, Энергетиктер көшесіне - 0,25, Е.Мембетов көшесіне - 0,92, Қожанов көшесіне - 1, Мадиходжаев және Бектасов арасындағы аралық көшеге 0,7 шақырым аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланған.

Аталған көшелердегі аяқжолдарды салуға 40,666,0 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ал, жалпы аудан бойынша атқарылатын 7,5 шақырым аяқжолға 75,421,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр.

Ауданда көшелерді жарықтандыру бойынша барлығы 8,1 шақырым жерге 40025,0 мың теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде Мырзакент кенті бойынша 5,8 шақырым жарықтандырылмақшы. Атап айтқанда, Жәштаев көшесіне 0,9 шақырым, Мамбетов көшесінде - 1,4, Жеңіс көшесіне - 0,43, Яссауи көшесі - 1, Мырзакент кентіне кіре беріс көшесін жарықтандыруға - 0,4, Абай және Бекболатов арасындағы аралық көшені жарықтандыруға 0,7, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің ауласындағы 1 шақырым жерге жарықтандыру жұмыстары жасалынбақшы.

Айта кетейік, жарықтандыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығын да мердігер "Асем-Жарық" ЖШС атқаратын болады.