ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық 250 бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілді

0
966

Осыған дейін аталған шараның аясында мақтааралдық 3 мыңнан аса оқушыға түрлі көмектер көрсетілген.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық 250 бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында 250 оқушы мектеп сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатындағы акция Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен, HELIOS компаниясының директоры Мақпал Ақбаеваның демеушілігімен өтті. Жиын барысында сөз сөйлеген аудан басшысы оқушыларды басталғалы тұрған жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға оқу құралдары салынған мектеп сөмекелерін бір-бірлеп табыстады.


«Еліміздегі әрбір бала бақытты болуға лайықты. Қатарынан қалдырмай, болашағы үшін білім алуына жағдай жасау - акцияның негізгі мақсаты. Сондықтан, "Мектепке жол" акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қаматамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға жұмыла көмек беруге ауданымыздың барша қайырымды тұрғындарын шақырамын!» - деді Бақыт Насырханұлы өз сөзінде.


Жалпы, «Мектепке жол» акциясы Мақтаарал ауданының барлық кенттері мен елді мекендерінде, білім беру мекемелерінде өткізілуде. Қазіргі таңда аталған шараның аясында 3 мыңнан аса оқушыға түрлі көмектер көрсетілген.


Айта кетейік, Мақтаарал ауданы бойынша 2019-2020 оқу жылында 1-11 сынып аралығында 27374 оқушы білім алады деп жоспарлануда. Жаңа оқу жылын бастауға білім ұялары толық дайын.