ТҮРКІСТАН: МӘМС қоры медицина қызметкерлеріне 6,5 млрд. теңге үстемақы төлеген

0
537

Облыс бойынша жалпы бюджет 9,039 млрд теңге.


ТҮРКІСТАН: МӘМС қоры медицина қызметкерлеріне 6,5 млрд. теңге үстемақы төлеген

Түркістан облысы бойынша жалақыдан бөлек 28 536 медицина қызметкеріне 6 млрд 589,5 млн теңге үстемақы төленген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілгеніне 1 жылдан аса уақыт өтті. Өкінішке орай, бұл кезең еліміз үшін күрделі уақытпен тұспа-тұс келді. Пандемия кезінде денсаулық сақтау саласы коронавирус пен пневмонияға қарсы күреске басымдық берді. Медицина ұйымдары провизорлық стационар ретінде қайта жасақталып, мыңдаған маман ауруханаларда тәулік бойы кезекшілікте тұрды. Жұқпалы вирусты емдеу мен алдын алу шараларын қаржыландыру міндеті Медициналық сақтандыру қорына жүктелді.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, коронавируспен күреске бөлінген облыс бойынша жалпы бюджет 9,039 млрд теңге. Жалпы қаңтар - маусым айына дейінгі медициналық қызметкерлерге, оның ішінде тәуекел топтары бойынша: 1 тәуекел тобы - 2 млрд 378,4 млн теңге (3 609 адам), бір қызметкерге орташа есеппен бір айдағы төлем 659 029 теңге; 2 тәуекел тобы – 2 млрд 517,5 млн теңге (10 106 адам), бір қызметкерге орташа есеппен бір айдағы төлем 249 109 теңге; 3 тәуекел тобы – 1 млрд 693,5 млн тенге (14 821 адам), бір қызметкерге орташа есеппен бір айдағы төлем 114 266,88 теңгені құрады.


Жалпы, Түркістан облысы бойынша жалақыдан бөлек 28 536 медицина қызметкеріне 6 млрд 589,5 млн теңге үстемақы төленген. Коронавирус қауіпті аурулар қатарына жататындықтан науқастың сақтандыру статусына қарамастан ТМККК және МӘМС пакеттерінің толық қызметімен қамтылған.