ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутатының қатысуымен өңірлік кәсіпкерлер кеңесі өтті

0
785

Кәсіпкерліктің дамуы бойынша ақпаратпен және бірлесіп жасайтын жобалармен бөлісті.


ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутатының қатысуымен өңірлік кәсіпкерлер кеңесі өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы "Өңірлік кеңесінің" кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Мәжіліс депутаты, өңірлік кәсіпкерлер Кеңесінің төрағасы Кайнар Абасовтың қатысуымен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ кезекті отырысы өтті.


Кеңеске Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков, Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, тиісті басқарма өкілдері және әр ауданнан келген шаруалар да қатысты.


Кездесуде қала әкімі кәсіпкерліктің дамуы бойынша ақпаратпен және бірлесіп жасайтын жобалармен бөлісті.


Палата директоры Тимур Нақыпбеков әкімдікпен бірлесіп, басқа қала, аудандағы кәсіпкерлеріміздің Түркістан қаласында қандай бизнес түрін ашуға болатынын және тиімділігін көрсететін инвестициялық карта жасауды ұсынды. Бұл жоба кәсіпкерлерімізге бағдар көрсететін көмекші құрал болмақ. Әрине өңіріміз аграрлы өлке болғандықтан кеңес отырысында көтерілген сұрақтардың дені ауылшаруашылығы саласында болды. Қазіргі таңда мал азығы, яғни жем- шөп мәселесі өзекті. Бұл мал шаруашылығына кең көлемде кері әсерін тигізіп отыр.


Кездесуде кәсіпкерлеріміз облысымызда жем шөпке субсидиялау қарастырылмағанын айтып, қаражат бөлу бойынша ұсыныстарын жеткізді.


Бұл мәселені түрлі алаңдарда көтеріп, облысымызға бірінші кезеңде 3 млрд көлемінде субсидия бөлу бойынша ұсыныс берілген. Шаруаларымыз шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша, ағын су тапшылығы, ұрық шаруашылығының жоқтығы секілді мәселелерді көтерді.


Кездесу соңында Кеңес төрағасы, мәжіліс депутаты Қайнар Абасов барлық көтерілген сұрақтардың республикалық деңгейдегілері назарға алынып, тиісті Министрліктерге жолданып, облыс аумағындағы мәселелер тиісті басқармаларға жүктеліп, облыстық Нұр Отан париясының қадағалауына қойылды.