Жаңа премьера Талаптан Ахметжановтың «Сұлу мен суретші» шығармасының желісінде саханаланады.
Түркістан музыкалық драма театрында 17-18 желтоқсан күндері режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың «Махаббат мұнарасы» спектаклінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жаңа премьера Талаптан Ахметжановтың «Сұлу мен суретші» шығармасының желісінде саханаланады. Қысқа ғұмырында мол мұра қалдырған жазушы драматург Талаптан Ахметжанның 60 жасқа толуы премьерамен тұспа-тұс келіп отыр.
Қойылымның режиссері Нұрқанат Жақыпбай. Бұл спектакльде махаббат пен өнердің серенадасы салтанат құрады. Спектакльдің басты жаңалығы, премьераға Швейцариядан әйгілі «Амати» тарихи аспабымен талантты музыкант Эльдар Сапараевтың келуі.
Әлемде мұндай аспаптың бар болғаны 3-ақ данасы бар. Спектакльге жан бітіретін «Амати» виоленчелі әлемнің мәдени мұрасы ретінде саналады. Қойылымның басты рөлдерін Ақбота Рахат, Жұлдыз Абдукаримова, Әділ Ахметов пен Нұрқанат Жақыпбай сомдайды.