ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі экобазардың жай-күйімен танысты

0
701

Экобазар бүгінде жұмысын бастап кеткен.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі экобазардың жай-күйімен танысты

Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандары мен жұмысын бастаған орталықтарға барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандары мен жұмысын бастаған орталықтарға барып, жай-күйімен танысты. Жуырда техникалық ашылуы өткен Экобазар бүгінде жұмысын бастап кеткен. Аталған сауда кешеніне барған өңір басшысы кәсіпкерлермен кездесіп, пікірлерін білді.


Түркістанға келген шетелдік саяхатшылардың бірі Экобазардың сапалы әрі тиімді екенін айтып, аталған жобаға қолдау көрсеткен өңір басшысына алғысын жеткізді. Өмірзақ Шөкеев алдағы уақытта мұнда жүздеген адам жұмыспен қамтылып, Орта Азиядағы таңдаулы сауда орындарының біріне айналатынына сенім білдірді.


Бұл базарда Түркістан облысы мен басқа да облыс, қалалардың диқандары өз өнімдерін делдалсыз, тікелей саудалай алады. Жаңа автовокзал маңында орналасқан базарға өзге облыстар мен Өзбекстанға көліктер қатынайды. Заманауи сауда кешенінде қоймалар, қонақ үй, демалатын орындар, ойын-сауық кешендері бар. Аталған базарда кәсіпкерлер үшін «Яссы бизнес» бағдарламасы арқылы 4 пайызбен 5 жылға кепілдік арқылы несие беру көзделіп отыр. Бұл жөнінде Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен келісім жасалған. Экобазарда 3000-ға жуық сауда орны ұсынылып отыр.


Одан кейін облыс әкімі Түркістан қаласы маңындағы азық-түлік белдеуі, жеміс-жидек бағына барып, кәсіпкерлердің жоспарын тыңдады. Түркістан қаласындағы көпқабатты үйлердің маңын абаттандыру, қаланы көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды саралап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.