​Түркістан облысы ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0
2 980

Облыстың саясатын Бейсенбай Тәжібаев жүргізеді


​Түркістан облысы ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымына Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі журналист, құқықтану. Түркістан облысының тумасы.

2000-2004 жылдары Шымкент қаласындағы ОҚГА-сын журналистика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Діл», «Шымкент келбеті» газеттерінен бастаған. «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында редактор, бұдан кейінгі жылдары облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметіне басшылық жасады.

2008-2012 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. Айта кетерлігі, Б. Тәжібаев 26 жысында аталмыш газеттің тарихында ең жас редактор болды. Содан кейін «Айқын» газетінің Астанадағы бюросына жетекшілік етті. Жаңа қызметінің алдында Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін абыроймен атқарды.