Түркістан облысы Түркия кәсіпкерлерімен жұмыс істеуге дайын

0
457

Екі ел арасындағы әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.


Түркістан облысы Түркия кәсіпкерлерімен жұмыс істеуге дайын

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов түрік және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының ("ТУКИБ") бас хатшысы Анзор Гусейновпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған кездесуде өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, түрік және қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты ынталандыру, сондай-ақ екі ел арасындағы әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.


"Түркістан қаласын 2050 жылға дейін дамытуды жоспарлап отырмыз. Қала тарихи және туристік орталыққа айналады деп үміттенеміз. Болашақта жылына 5 миллион адамды қабылдауды жоспарлап отырмыз. Түркістан облысында Түркиямен бірлескен инвестициялық жобалар жүзеге асырылды және болашақта АӨК және өңдеу саласында олардың санын арттыру қолға алынады", - деді Рашид Аюпов.


Сонымен қатар, кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары қонақты Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Түркия кәсіпкерлерін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.