​Түркістан облысы жастары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесімен жүздесті

0
3 014

Бұл іс-шара "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасы аясында өтті.


​Түркістан облысы жастары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесімен жүздесті

Түркістан облысы, Түркістан қаласында жастар Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын, жазушы Нұрмахан Назаровпен жүздесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылдың 7 желтоқсаны күні Түркістан қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің "Білім орталығында" "Жас Отан" ЖҚ Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын, жазушы, Нәзіртанушы, өлкетанушы, ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының құрметті азаматы, "Тағдырдың тұщы тұздығы","Едігеге ерекше көзқарас керек", "Тәуелсіз Қазақстан бойтұмары" және «Қайта оралған есім» шығармаларының авторы Нұрмахан Назаровпен және "Нұр Отан" партиясының ардагері, Түркістан қаласының құрметті азаматы, 1994-1999ж. аралығында Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" медалінің иегері, Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының және қоғамдық өзін-өзі басқару басқарудың аумақтық кеңесінің мүшесі Еркебалаев Зейнулла Мырзашұлымен жастардың кездесуі өтті. Тағылымы мол кездесу барысында жастар қойған сауалдарына мардымды жауап ала алды.

- Кездесуге Түркістанның төл тарихын білетін, бағалайтын жастар келгендігін атап өткім келеді. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жарғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер осы жастар.Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ жастар екенін сезіну керек. Сайып келгенде, тегі бір түркі халықтарының зор келешегі үшін ақылменен жұмыс істейік, - деді Жазушы Нұрмахан Назаров.