Түркістан облысында 140 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр

0
607

22 бекет, 1 оперативті және 1 медициналық авиация бөлімі бар.


Түркістан облысында 140 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр

Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 177 санитарлы автокөлік бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында 140 жедел-жәрдем бригадалары жұмыс істейді. Жалпы қала мен аудандарда 22 бекет, 1 оперативті және 1 медициналық авиация бөлімі бар. Оларда 36 дәрігерлік және 104 фельдшерлік бригада қызмет атқарады. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ақайша Аманжолова мәлімдеді.


Оның айтуынша, қазір облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 177 санитарлы автокөлік бар. Көліктерде дер кезінде жедел медициналық көмек көрсету үшін дефибриллятор, кардиостимулятор, кардиоверсия, кардиомонитор, электрокардиограф, ИВЛ, оттегімен және электрлік, механикалық сорғыш аппараттарымен қамтылған.