Түркістан облысында $150 млн долларға күн электр стансасы салынады

0
1 084

Жоба жоспар бойынша 2019-2021 жылдары іске асырылатын болады.


Түркістан облысында $150 млн долларға күн электр стансасы салынады

Түркістан облысында жалпы қуаттылығы 100 мВт құрайтын күн электр стансасы салынатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің Түркістанға келген жұмыс іссапары барысында меморандум түзілді.

Келіссөз Түркістан облысының әкімдігі мен «KazPV LTD» ЖШС арасында жүрді. Жалпы жобаның құны – 150 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Күн электр стансасы қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын болады. Стансаның жалпы қуаттылығы – 100 мВт құрайтын болады.

Жоба жоспар бойынша 2019-2021 жылдары іске асырылатын болады. Қазіргі таңда орналасатын нақты мекен жайы анықтау жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жалпы аумағы 150 гектарды құрайды. Күн электр стансасы іске қосылғанда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысы, Арыс қаласында қуаттылығы 14 мВт құрайтын «KazGreenTekSolar» ЖШС-не тиесілі күн электр стансасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаға Франциялық «УрбоСолар» компаниясымен бірлесе отырып жеке және Еуропалық даму банкінен 7 млрд. теңге қаржы қарастырылып отыр. Жоба іске қосылғанда 30 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылатын болады.