Түркістан облысы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
фото: ашық дереккөзден алынды
Түркістан облысы полицейлері құқық бұзушылық жасаған 300-ге жуық жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты-жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелет жасына толмағандарға түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында заңды өкілінсіз жүруге болмайтындығын түсіндіріп, ескерту жасау.
«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы Түркістан облысы ПД ЖПҚ ЮПТ полиция бөлімдеріне 300-ден астам кәмелет жасына толмағандарды жеткізді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны-274. Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 23 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында болуына жол берген 4 азамат жауапқа тартылды.
Сондай-ақ «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында кәмелетке толмағандарға темекі өнімін сатқан -4 және алкоголь ішімдігін сатқан -2 жайт анықталды. Полицейлер қоғамдық орындарда мас халде жүрген -4 жасөспірімді және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған -5 кәмелет жасына толмағандарды анықтады. Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шара нәтижесінде 233 жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын-үйден тыс жерлерде жүргенін айқындады. Ішкі істер органының есебіне құқық бұзушылыққа бейім – 34 және қолайсыз отбасынан шыққан -21 кәмелет жасынан толмағандар алынды. Айта кетсек, «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасына полицейлерден бөлек, прокуратура, білім, денсаулық сақтау, ата-аналар комитеті қатысты. Естеріңізге сала кетсек, аталған жедел-профилактикалық іс-шара Түркістан облысында ағымдағы жылдың 25-қазанына дейін жалғасады.