Түркістан облысында 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған

0
606

Қыздың анасы күйеуін өз қызын зорлады деп полицияға арыз түсірген.


Түркістан облысында 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған

Түркістан облысында оқушы қыз өз әкесінен жүкті болып қалған деген ақпарат тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іске қатысты Түркістан олысы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Жандос Құлмахан жауап берді.

"Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған, оған тиісті көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр", - деді тергеу басқармасының басшысы Жандос Құлмахан.

Әйелдің айтуынша, күйеуі қызын 2023 жылдың шілде айынан қыркүйек айына дейін зорлаған. Қыз жүкті болып қалып, мерзімі 27 апта баланы көтеріп жүр.