Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

0
2 350

70-і облыстық бюджеттен, 8-і «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен бой көтеруде.


Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 70-і облыстық бюджеттен, 8-і «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен бой көтеруде. Жыл соңына дейін 40 мектептің құрылысы толық аяқталады. Бұл туралы брифингте облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.


Облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі.


«Сонымен қатар, мектептерді ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы 679 мектеп, 2021 жылы 59 мектептің ішкі әжетханалары ретке келтірілді. Қалған 18 мектептің ішкі әжетханаларының мәселесі жыл соңына дейін толығымен шешілетін болады. Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 906 мемлекеттік мектепте толығымен бейнебақылау жүйесі орнатылған», - деді басқарма басшысы.


Сондай-ақ, облыстағы білім мекемелерін мамандандырылған күзет және «Дабыл батырмаларымен» қамтуды кезең-кезеңімен шешу жоспарлануда.