​Түркістан облысында екі жасөспірім токқа түсіп, қайтыс болды

0
1 439

Тоғыз қабатты үйде тұратын қыз бала электр шәйнекті қосқанда оны ток соққан.


​Түркістан облысында екі жасөспірім токқа түсіп, қайтыс болды

Түркістан облысында екі жасөспірім токқа түсіп, қайтыс болды. Облыстық ТЖД мәліметінше, бақилық болғандардың бірі 12 жастағы жеткіншек болса, екіншісі 15 жастағы қыз бала, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«2018 жылғы 1 шілдеде, сағат 20.00-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Мақтаарал ауданы Атакент ауылы Пушкин көшесінің бойындағы жекеменшік үйлердің бірінде 2006 жылы туған жасөспірімді электр тогы соққаны туралы мәлімет келіп түсті, бала оқиға орнында қайтыс болған» делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал, екінші жағдай осы күні сағат 22.00-де Түркістан қаласына қарасты Отырар шағын ауданында орын алған. Тоғыз қабатты үйде тұратын қыз бала электр шәйнекті қосқанда оны ток соққан. Салдарынан 2003 жылы туған қыз оқиға орнында жан тапсырды.

Айта кетейік, жыл басынан бері электр құралдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаған 2 оқиға орын алған.