Түркістан облысында әйелдерге зорлық көрсету жағдайлары айтарлықтай азайған

0
849

Облыс әкімі 2020-2023 жылдарға арналған құқықтарды қорғау, балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жоспарын бекіткен.


Түркістан облысында әйелдерге зорлық көрсету жағдайлары айтарлықтай азайған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысындатұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін оңтайлы шешу жөнінде ZOOM конференциясы арқылы кеңес өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысындағы тұрмыстық зорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген ЮНФПА-ның ұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова оңтүстік өңірі тұрмыстық зорлықты жою бойынша нәтижелі жұмыс көрсетіп жатқанын және республиканың өзге облыстарына қарағанда алдыңғы орында екенін атап өтті.

Атап өтсек, демографиялық өсім жағынан озық тұрған Түркістан облысында әйелдерге қатысты жасалған зорлық фактісі биыл айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, 2018 жылдың 6 айында 1043 жағдай тіркелсе, 2020 жыл бұл көрсеткіш 575-ке төмендеген.

Сондай-ақ облыста 2 млн. адам болса, оның 514-і 14-29 жас аралығындағы жастар. 2020 жылғы 6 ай ішінде жастар арасындағы өз өзіне қол жұмсау фактісі былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған. Бұдан бөлек, облыс әкімі 2020-2023 жылдарға арналған құқықтарды қорғау, балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жоспарын бекіткен.

Аталған жұмысқа ҮЕҰ, мемлекеттік емес оқу орталықтары тартылуда. Мәселен, Ардагерлер кеңесімен "Әкелер мектебі" жобасы іске қосылса,REFRAMЕ тұлға дамыту орталығымен мектеп психологы, сынып жетекшісі, мектеп мейірбикесі және өзге де азаматтар қатысатын "Бестерек" жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстарды облыс әкімінің орынбасары өз бақылауына алған.