​Түркістан облысында індет таратқан ошақтар анықталды​

0
1 116

Өңірде ең алғашқы коронавирус дерегі 31 наурызда тіркелген.


​Түркістан облысында індет таратқан  ошақтар анықталды​

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында соңғы мәліметке сәйкес коронавирус дертін жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Қауіпті індет таратушы ошақтары да анықталды, деп хабарлайды

ERNUR.KZ.

Түркістан облысы жедел штаб баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, өңірде ең алғашқы коронавирус дерегі 31 наурызда тіркелген. Түркістан облысы Жетісай ауданының 1971 ж. тұрғыны 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Ол 28 адаммен жақын байланыста болып, вирус таратқан.

Екінші ошақ болып табылатын 1956 ж. Жетісай ауданының тұрғыны 4 сәуір күні қайтыс болды. Ол 14 наурыз күні Алматы қаласынан келгенін жасырған. 7 адаммен жақын байланыста болған. Оның ішінде 15 сәуір күні Шымкент қаласында қайтыс болған 1954 ж. азамат та бар.
Індеттің үшінші және төртінші ошағы Шымкент қаласының тұрғынымен жақын байланыста болған Сайрам мен Ордабасы аудандарынан анықталды. Бұл ауданнан шыққан төрт науқас Шымкент қаласының азаматымен жақын байланыста болып, вирус жұқтырған.
Бесінші ошақ ретінде 31 наурыз күні Ақтау қаласынан Арысқа келген 1995 ж. азамат есептеледі. Ол өз отбасының 6 адамы және Бәйдібек ауданының тұрғынымен жақын байланыста болған.