Түркістан облысында МӘМС қоры есебінен балаларға 18 ота жасалған

0
631

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандық дәрігерлердің оқуына және біліктілігін арттыруға ақы төлейді.


Түркістан облысында МӘМС қоры есебінен балаларға 18 ота жасалған

Түркістан облысында балаларға жоғары технологиялық оталар жасалынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында балаларға жыл сайын жүздеген жоғары технологиялық оталар жасалынады. Биылғы жылдың 8 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен 18 ота жасалынды.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандық дәрігерлердің оқуына және біліктілігін арттыруға ақы төлейді. Шетелдік мамандарды тарта отырып мастер-класстар өткізу, бейінді отандық дәрігерлерді қазақстандық ауруханалар мен ҒЗИ-да енгізілетін жаңа технологияларға оқытуға мүмкіндік береді», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.


Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесіне 2 айлық нәресте Шымкент қаласының қалалық балалар ауруханасынан санавиация желісі бойынша ауыр жағдайда түскен. Айта кетерлігі, босану кезінде балада ақау анықталмаған. Облыстық балалар ауруханасындағы кардиохирургпен кеңескенде баладан күрделі көк жүрек ақауын анықтады. Кардиологиялық көмек көрсету үшін шұғыл тәртіпте кардиореанимация бөлімшесіне ауыстырылған. Түркістан облыстық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері мен кардиохирургтары нәрестеге туа біткен жүрек ақауын жою бойынша күрделі ота жасады.


Отадан кейінгі кезеңде жүргізілген қарқынды терапия жұмыстарының нәтижесінде нәрестенің жағдайы жақсарған. Бүгінде бала ауруханадан үйіне шығарылып, амбулаториялық бақылауға алынды.