Түркістан облысында мыңнан аса сәби шала туылған

0
362

Перинаталды орталықта он ай ішінде 118 егіз және 4 үшем туылған.


Түркістан облысында мыңнан аса сәби шала туылған

Түркістан облысында мыңнан астам сәби шала туған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


№ 1 облыстық перинаталды орталығында «Шала туылған нәрестелер күніне» орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға осы мекемеде мерзіміне жетпей туылып, тәжірибелі дәрігерлер жүргізген сапалы емнің арқасында ата-анасының көз қуанышына айналған сәбилер қонаққа келді. Сәбилердің құрметіне ұйымдастырылған жиынға арнайы келген аналар сәби сүю бақытын сезіндірген дәрігерлерге ерекше алғысын жеткізді. Шара барысында бүлдіршіндерді орталықтың бейінді мамандары тексеруден өткізді.


Жиында №1 облыстық перинаталды орталығының басшысы Салтанат Жабағиева құттықтау сөз алып, әрбір сәбидің өмірі мен денсауылығы өте маңызды екенін тілге тиек етті. Мерзімінен ерте туылған балалар ұзақ мерзімді ерекше күтімді қажет екеніне тоқталып, орталыққа келген әрбір ана мен туылған сәбиге сапалы медициналық көмек көрсету үшін соңғы үлгідегі заманауи құрылғыларды пайдалана отырып, емдеу шаралары сапалы жүргізілетінін айтып өтті. Аналарға ерте босанудың алдын алу туралы маңызды ақпарат берді.


Айта кетейік, №1 облыстық перинаталды орталығында жыл басынан бері 5505 сәби дүниеге келген. Оның ішінде, мерзіміне жетпей дүние есігін ашқан 1153 нәресте бар. Перинаталды орталықта он ай ішінде 118 егіз және 4 үшем туылған.

Бөлісу