Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды

0
653

Сырдария өзенін 6 аймаққа бөліп, әрбір 60 шақырымын дәрілемек.


Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды

Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялау жұмыстары Сырдария өзенінің бастауынан басталды. Мамандар облыс аумағындағы 352 шақырым Сырдария өзенін 6 аймаққа бөліп, әрбір 60 шақырымын дәрілемек. Сондай-ақ, олар дәрілік заттың төрт түлік малға, балық пен өзге тіршілік иелеріне қауіпсіз екендігін атап өтті.


Шіркейлердің дернәсілдерімен күресу үшін дәрілерді суға жіберу әдісі, ал су қорғау және далалық аймақтарда химиялық өңдеу әдісі қолданылмақ. Дезинсекция жұмыстарының өңдеу алаңы, дәрінің көлемі - ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес жүргізілуде. Биыл 8 ақпаннан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген болатын. Аталған бағыттағы жұмыстарға 42 техника мен 96 жұмысшы күші жұмылдырылған.


Қазіргі таңда облыста шіркейлерге қарсы дәрілеу жұмыстарын мердігер «Satti Tulik» ЖШС-і жүргізуде. Дезинсекция жұмыстарына әуе ұшағы, арнайы көліктер мен мамандар тартылған.