Түркістан облысында спорт нысандарының саны көбейіп жатыр

0
499

Спорт кешендері халықаралық талапқа сай болады.


Түркістан облысында спорт нысандарының саны көбейіп жатыр

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев құрылысшылармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында спорт нысандарының саны артып келеді. Оның ішінде Түркістан қаласында халықаралық талапқа сай спорт кешендері салынуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін бірқатар құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты.


Бүгінде өңірде елімізде теңдесі жоқ ескек есу базасының құрылысы жүріп жатыр. Мұнда ескек есуден облысымыз бен еліміздің ұлттық құрамасы жатығып қана қоймай, халықаралық додалар өтеді деп жоспарланып отыр. Нысан биыл пайдалануға берілмек. Облыс әкімі жобаны жүзеге асыру барысында суды үнемдеуге мән беру керектігін ескертті.


«Су шаруашылығы мамандарын шақырып, жан-жақтан су тартудың қосымша көздерін қарастыруды тапсырамын. Бұл спорттық және туристік кешенде де су үнемдеу жүйесін қолдану керек», - деді Өмірзақ Шөкеев.


Сондай-ақ, облыс әкімі Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылыс барысын қадағалады. Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы орналасатын бұл нысан да биыл ел игілігіне тапсырылмақ.