Түркістан облысында тағы 3 адам коронавируспен тіркелді

0
842

Облыста қауіпті дерт жұқтырғандар саны 19-ға жетіп отыр


Түркістан облысында тағы 3 адам коронавируспен тіркелді

Түркістан облысында 3 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 19 адам тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 10 науқас Жетісай ауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал - 3, Ордабасы 1 және Сайрам ауданында 2 адамнан тіркелді.
Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, мұның алдындағы мәлімет бойынша, 10 науқас Жетісай ауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам ауданынан бір адамнан адамнан тіркелген болатын.