Оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толық көлемде орындалды.
Түркістанда «Антитеррор-2024» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін, 2024 жылдың 9 сәуірінде облыс орталығы - Түркістан қаласының аумағында «Антитеррор-2024» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді.
Іс-шара барысында хабарлау жүйелерін жетілдіру, штабтың террористік сипаттағы қатерлерге ден қоюға дайындығы, терроризм актісінің салдарын азайту және жою мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толық көлемде орындалды.
Тартылған мемлекеттік органдардың күшімен және құралдарымен Террористік қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі көрсетілді.