Министр бұйрығы 4 тамызға дейін көпшілік талқылауында болады.
Түркістан облысында саяхатқа шығуға болатын жаңа туристік орындардың тізімі бекітіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еліміз бойынша туристер саяхаттап баратын орындардың саны артады.
АшықНҚА (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14639839) порталында жарияланған Мәдениет және спорт министрінің бұйрық-жобасында туристік орындардың тізімін толықтыру жоспарланып отырғаны жазылған.
Құжатқа сай, енді Түркістан облысы бойынша туристік аумақтар қатарына мына орындар енгізіледі:
- Түркістан облысындағы Үкаша ата кесенесі мен құдығы;
- Түркістан облысындағы Бәйдібек ата кесенесі;
- Түркістан облысындағы Домалақ ана кесенесі;
- Түркістан облысындағы Қос ана кесенесі;
- Түркістан облысындағы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі;
- Түркістан облысындағы Ысқақ баб кесенесі;
- Түркістан облысындағы Ақбикеш мұнарасы;
- Түркістан облысындағы Шәммәт ишан мешіті;
- Түркістан облысындағы Мажратұт мыңжылдық тұт ағашы;
- Түркістан облысындағы Ысқақ баб кесенесі;
- Түркістан облысындағы Кеме қалған монументі;
- Түркістан облысындағы Жылаған ата үңгірі;
- Түркістан облысындағы Келіншектау тау жотасы;
- Түркістан облысындағы Сарыағаш курорттық аймағы;
- Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірі;
- Түркістан облысындағы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі;
- Түркістан облысындағы Ақсу шатқалы;
- Түркістан облысындағы Келте Машат шатқалы;
- Түркістан облысындағы «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы;
- Түркістан облысындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы.
Туристік бағыттар тізімін кеңейтуді көздейтін министр бұйрығы 4 тамызға дейін көпшілік талқылауында болады.