​Түркістан облысында жер телімдері беріле басталды

0
2 186

Оңайлатылған бас жоспарға сәйкес аумағы 95,5 га жер дайын алқапта 356 тұрғын үй құрылысы және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, мектеп аумағы үшін - 2,40 га, мешіт аумағына - 0,73 га, 2 коммерциялық нысан аумағына - 0,30 га қарастырылған.


​Түркістан облысында жер телімдері беріле басталды

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында жер телімдері беріле басталды. Келес ауданы Ұшқын ауылдық округінің Достық елді мекенінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында оңайлатылған бас жоспарға сәйкес инфрақұрылымдары жүргізіліп тұрғын үй құрылысы үшін алқап дайын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оңайлатылған бас жоспарға сәйкес аумағы 95,5 га жер дайын алқапта 356 тұрғын үй құрылысы және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, мектеп аумағы үшін - 2,40 га, мешіт аумағына - 0,73 га, 2 коммерциялық нысан аумағына - 0,30 га қарастырылған.

Қазіргі таңда, Ұшқын ауылдық округі халық саны – 7223 құраса, Ұшқын елді мекенінің үлесінде - 3743, Достық елді мекенінде – 2310, Қоралас елді мекенінде – 1170 тұрғынды құрайды. Оның ішінде 830 адам тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тіркелген. Қазіргі таңда, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға Ұшқын ауылдық округінің әкімінің шешімі қабылданып жер телімі беріле бастады.
Өз жерлеріне қол жеткізіп жатқан тұрғындардың қуанышы шексіз өйткені алдағы уақытта Ұшқын ауылдық округінде шекара ашылу жоспарланғанын естіді. Алдағы уақытта ашылатын кеден бекеті жергілікті тұрғындар үшін өз жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер берері анық.