Түркістан облысындағы туннельге қазақтың тұңғыш инженерінің есімі берілді

0
1 294

Түлкібас ауданындағы бір ғасырдан аса тарихы бар туннелге Мұхаметжан Тынышпаевтың аты-жөні жазылған тақтайша орнатылды


Түркістан облысындағы туннельге  қазақтың тұңғыш инженерінің есімі берілді

ERNUR.KZ. Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылының тұсындағы бір ғасырдан аса тарихы бар теміржол туннеліне Мұхаметжан Тынышпаевтың аты-жөні жазылған тақтайша орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түлкібас ауданының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

М.Тынышпаев көрнекті «Алашорда» қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш инженер. Ол 1915-1916 жылдардағы қиын-қыстау заманда осы туннельді салуға өлшеусіз үлес қосқан.

Бұл туннельді автор есімімен жаңғырту мәселесін 2018 жылдың қаңтар айында Жаскешу ауылдық округінде аудан әкіміне ауыл ақсақалдары айтқан болатын. Арада уақыт өте келе аудан басшысының қолдауымен қолға алынды.