Көліктегі жолаушылар да халық әндерін бірге қосыла шырқап, оқушыларға қолдау жасады.
Түркістан “Оқушылар сарайының” өнерпаздары қоғамдық көлікте ән салып, жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
“Дәстүрлі ән” үйірмесінің оқушылары танымал халық әндерін орындаған. Оның себебі - осы арқылы жолаушыларға көңіл-күй сыйлау және халық әнін дәріптеу, тұрғындар арасында ұлттық өнерді насихаттау.
“Бұл идеяны “Дәстүрлі ән” үйірмесінің оқушылары өздері ұсынды. Ал мен басшы ретінде оларға бірден қолдау білдірдім, - дейді Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы.
Көліктегі жолаушылар да халық әндерін бірге қосыла шырқап, оқушыларға қолдау жасады.