Түркістан өңірінде лудоманияға қарсы күрес күшейтілді

0
320

Заңда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды.


Түркістан өңірінде лудоманияға қарсы күрес күшейтілді

Қасым-Жомарт Тоқаев лудоманияға қарсы күресті күшейту бағытындағы заңға қол қойған болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лудоманияға қарсы күресті күшейту бағытындағы заңға қол қойған болатын. Заңда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды. Атап айтқанда, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды сыртқы (көрнекі) жарнамасына, сондай-ақ олардың қызметін көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кино, видео және анықтамалық қызмет көрсету орындарында жарнамалауға тыйым салынған болатын. Түркістан облысында осы бағытта жұмыстар басталып кетті.


Арыс қаласы бойынша лудомания немесе ойын бизнесімен күрес мақсатында Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы», Арыс аудандық прокуратурасы, Арыс аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, рейдтік, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлерге жаңа заңның талаптары түсіндірілді.


«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың 9 айында жастар мен жасөспірімдер арасында лудоманияның алдын-алу профилактикалық жұмыстары бойынша 11 іс-шара ұйымдастырды.


Атап айтсақ, Арыс қаласындағы мектептерде жоғарғы сынып оқушылары арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында «Сен өзгерсең – сенің әлемің де өзгереді», «Құқықбұзушылықтың алдын алу» және «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыптарында семинар-тренингтер және түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сонымен бірге «Құмар ойынға құмартпа» тақырыбында кино көрсетіліп, «Лудомания – қоғам дерті» атты семинар-тренинг ұйымдастырылған.