ТҮРКІСТАН: Ордабасыда тұрғындарға 132 бос жұмыс орны ұсынылды

0
735

Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттар берілді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда тұрғындарға 132 бос жұмыс орны ұсынылды

Ордабасы ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Ордабасы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.


«Бұл – жұмыссыз жүрген жастар, қызметінен айырылған азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік», - дейді іс-шара ұйымдастырушылары.


Жәрмеңкеге жұмыс іздеген азаматтарға ауданға қарасты 35 жұмыс беруші мекемеден 132 бос жұмыс орны ұсынылды.


Жәрмеңкеге қатысқан жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары және жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттар берілді.