ТҮРКІСТАН: Ө.Шөкеев «Мақтаарал» футбол командасымен кездесті

0
565

«Мақтааралдың» мақсаты биік – Өмірзақ ШӨКЕЕВ.


ТҮРКІСТАН: Ө.Шөкеев «Мақтаарал» футбол командасымен кездесті

Өмірзақ Шөкеев «Мақтаарал» футбол командасының бапкерлері мен ойыншыларымен жүздесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кездесу барысында «Мақсаты биік «Мақтаарал» футбол клубының Премьер-лигаға шығуға мүмкіндігі бар», - деген облыс әкімі теңбіл доп шеберлеріне сәттілік тілеп, жеңіске жетелейтін ақыл-кеңесін айтты. Атап өтсек, Түркістан облысында футболдың дамуына ерекше көңіл бөлінген. Бірінші лигада ойнайтын «Мақтаарал» футбол клубы жақсы жетістіктерге жетіп келеді.


Спортшылар бірінші лига клубтары арасында өтетін ҚР біріншілігінің алдында үш кезеңнен тұратын оқу-жаттығу жиынын өткізді. Тәжірибелі командалармен бірнеше жолдастық кездесу өткізіп, шеберлікті шыңдады. Осыдан тура 10 жыл бұрын негізгі қаланған футбол клубы дәрежелі, қызықты ойын өрнегін көрсетіп, еліміздегі алдыңғы қатарлы клубтарға қауіпті қарсылас бола алды.


Қазіргі таңда «Мақтаарал» футбол клубы ҚР біріншілігінің турнир кестесінде 1-ші орында тұр. 2021 жылғы ҚР OLIMPBET кубогы іріктеу кезеңдерінде топтық кезеңінің нәтижесі бойынша 3-ші орынды иеленген. Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионында өткен кездесуге балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары өнер көрсетті.