ТҮРКІСТАН: Отырарда «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті

0
1 357

Жалпы 400-ден аса жас қатысты.


ТҮРКІСТАН: Отырарда «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті

Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен кездесуге құқық қорғау органдары мен зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері, ұстаздар, БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері, жергілікті тұрғындар, студенттер мен оқушылар, жалпы 400-ден аса жас қатысты.


Іс - шара Отырар халық театрының жастар тәрбиесіне қатысты сахналық қойылымымен басталды. Форумға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов арнайы қатысып, қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.


"Бүгінде жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс табуда. Елімізде қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларда жастардың рөлі мен белсенділігіне айрықша мән берілген. Сіздерге мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Ендеше, аудан жастары мемлекетіміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынымен, ерік-жігерімен аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды деп сенемін", – деді аудан басшысы.


Жиында аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ермек Өсербаев пен аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Досанов жастар арасындағы құқықбұзушылықдың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы, сондай-ақ діни экстремизм мен нашақорлық сияқты жат қылықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Өз кезегінде аудандағы білім саласының ардагері Белгібай Мәрия жастарды үнемі пайдалы іспен айналысып, жақсылық жасауға шақырды.


Форум соңында аудан өнерпаздары патриоттық әндерді шырқап, жиынға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.