ТҮРКІСТАН: Отырарлық кәсіпкер ауылына жедел жәрдем көлігін тарту етті

0
650

Мақсаты – ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық кәсіпкер ауылына жедел жәрдем көлігін тарту етті

Аналар мерекесі қарсаңында қарақоңырлықтар қуанышты оқиғаға куә болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында Аналар мерекесі қарсаңында қарақоңырлықтар қуанышты оқиғаға куә болды. Жергілікті кәсіпкер, ауданға белгілі азамат Әбдімәжит Сыздықбеков ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында ауылдағы емдеу мекемесіне заманауи жедел жәрдем көлігін тарту етті.


Игі шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ауылдағы ардақты әжелер мен ақ жаулықты аналарды, аяулы аруларды мерекелерімен құттықтап, қашанда ауыл азаматтарын жақсы істерге бағыттап жүрген елге жанашыр, қолы ашық кәсіпкерге шынайы алғысын айтты.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы айтып, ауылға ерекше көңіл бөліп келеді. Жақында ғана Маяқұм, Көксарай ауыл округтеріндегі емдеу мекемелеріне «Samruk-Kazyna Turst» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен заманауи жедел жәрдем көліктері табысталған еді. Енді міне, елге жанашыр, іскер азаматтардың қолдауымен Қарақоңыр ауыл округіндегі емдеу мекемесі де жаңа жедел жәрдем көлігімен қамтылып отыр», - деді аудан басшысы өз сөзінде.