Жоспарларды құру бойынша әңгіме өрбіді.
Түркістанда «Полицияның сервистік моделі» жобасы аясындағы жұмыс барысы талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің басшылығымен облыс әкімдігінің ахуал орталығында жиналыс өтті. Жиынға облыс әкімі жанынан құрылған ведомстволық топтың жетекшісі Бауыржан Абайұлы, топ мүшелері, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Абдуғани Сейдуалиев, Түркістан ҚПБ бастығы және полиция полковнигі Бауыржан Селтанов қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – полицияның сервистік моделі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, құқықбұзушылық пен қылмыстар бойынша ақпарат жинау, талдау, зерделеу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту, полиция қызметін сервистік модельге көшіруді тапсырған болатын. Жиында сервистік полиция моделіне көшу бойынша атқарылған жұмыстар пысықталып, мәселелер талқыланды. Жоспарларды құру бойынша әңгіме өрбіді.
«Полицияның сервистік моделіне көшу бойынша облыс көлемінде жұмыстар атқарылып жатыр. Бұдан әрі қарай Президенттің тапсырмасын, Ішкі істер министрлігінің нұсқауларын бұлжытпай орындап, нақты нәтижені көрсету үшін жұмыстарды жандандыра береміз. Мақсатымыз –қарқынды дамып келе жатқан облыста қылмыс санын азайту және алдын алу. Сондықтан бірлесіп, әрбіріміз қылмыспен күресе білейік. Жаңашылдыққа бет бұрып, рухани астана саналатын Түркістанымыздағы жұмыстарды бұдан әрі де жандандыратын боламыз», – деді полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов
Оған қоса, облыстың бас полицейі дер кезінде қылмыстар мен құқықбұзушылықтарға мән беріп, талдау, анализ жасау мен электронды карталар әзірлеу жөнінде ұсынысын білдірді.
«Анықталған қылмыстарды талдау қажет. Топқа аналитиктерді қосқан жөн. Бірлесе жұмыс атқарып, өңір тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау бағытында нәтиже көрсететін болсақ, облыс үшін өте пайдалы», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев.
Жиналысқа қатысушылар әр ай сайын жиналып, жұмыстарды саралап тұруға, пікір алмасып, криминогенді жағдайды жақсарту бағытында бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.