Мақта өңдеу зауыттары тарыпынан 53 млн теңге көлемінде шаруаларға берешек қарыздары қалды.
Жетісай ауданының прокуроры шаруалардың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбековтың төрағалығымен мақта зауыттарының шаруалар алдындағы берешегін өтеу мәселелеріне арналған жиын болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен бірқатар ауылдық округтердің әкімдері, мақта қабылдау зауыттарының басшылары мер шаруа қожалық төрағалары қатысты.
Өткен жылы ауданда 49,5 мың гектар алқапқа мақта дақылы егіліп, 129,6 мың тонна шитті өнімі жиналғанымен әлемдік нарықтағы мақта талшығына деген сұраныстың төмендігі оның бағасына тікелей кері әсер еткен болатын. Соның салдарынан мақта өңдеу зауыттары 2022 жылы өндірілген мақта талшығын сата алмай, мақта дақылын өндіруші шаруалармен толық көлемде есептесе алмай келеді. Нақтырақ айтар болсақ, жыл басында мақта өңдеу зауыттары мақта дақылын өсіруші ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 1 млрд 629 млн теңге көлемінде қарыз болған.
Бұл жөнінде облыс әкімдігі, аудан прокуратурасы, аудан әкімдігі тарапынан мақта өңдеу зауыт басшылармен бірнеше рет кездесулер өткізіліп, шаруалардың алдындағы берешек қарыздарын толық төлеу жөнінде талаптар қойылды. Қазіргі таңда мақта өңдеу зауыттары тарыпынан 53 млн теңге көлемінде шаруаларға берешек қарыздары қалды.
«Мақта зауыттарының шаруаларға берешек қарыздары толық өтелгенге дейін бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады. Сондықтан, уақытты тиімді пайдаланып, шаруалар алдындағы қарыздарыңызды ертерек толығымен өтеңіздер. Олай болмаған жағдайда мақта қарыздары бойынша сот тәртібімен өндіруіне прокурорлық қадағалаудың заңда бар тетіктерін қолданатын боламыз», - деген аудан прокуроры шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы да кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.