ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданының орталығы абаттандырылады

0
961

Тапсырмаға жауапкершілікпен қарау тапсырылды.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданының орталығы абаттандырылады

Сайрам ауданының әкімі сала басшыларына бірқатар жұмыс жүктеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлы Абылайхан көшесінде орналасқан көтерме сауда орындарынан бастап, темір жол торабына дейінгі аралықты жаяу аралады. Аудан басшысы орталықтың көрінісі сын көтермейтінін атап өтті. Олар – көлік кептелісі, тозығы жеткен жер өткелі, қараусыз тұрған ғимараттар мен заңсыз құрылыстар, көріктендіру-көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық жағдайдың тұрақты сақталмауы және т.б.


Содан соң, «Манкент» станциясының аумағында болып, ескі жағдайда тұрған көпірдің орнына аспалы көпір салу жобасымен танысып, Ақсукент-2 ауылы мен аудан орталығына қарай екі аралықта қатынайтын халық үшін тиімді құрылыс жобасын салу және қаражатын қарастыру мәселелері талқыланды.


Сала басшылары ауылдық округінің әкімдерімен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде шара қабылдап, нақты жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсырды. Оның ішінде орталықтың сәулеттік келбетін жақсарту және қоғамдық тәртіпті орнату мақсатында нысан иелеріне түсіндірме беру, заң аясында қалпына келтіру, абаттандыру, заңсыз құрылыстар, қызыл сызыққа түскен сауда нүктелері мен жабайы сауда орындарын жою, жер иелерін анықтап, заңға сәйкес мемлекет меншігіне қайтару, көшелерді кеңейту, тазалық жұмыстары мен кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары бар.


Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, орындаушылық тәртіпті күшейтудің қажеттілігі ескертілді.