Жылыжай өнімі ел аумағында нарыққа шығарылып, Ресейге экспортталады.
Сайрам ауданында 2019 жылы іске қосылған «Ecoinvest S A» ЖШС жылыжай кешені 11 гектар жерден жылына 1500 тонна қияр, 2000 тонна қызанақ өндіруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жылыжайда қысқы маусымда - 150, жазда - 250-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында орналасқан аталған жылыжай - «Жыл үздігі – 2020» номинациясында «Үздік инвестор» деп танылған.
«Ecoinvest S A» ЖШС-ң басшысы Мурат Гелашвили алдағы уақытта кешен аумағын ұлғайтпақ.
Айта кетейік, жылыжай өнімі ел аумағында нарыққа шығарылып, Ресейге экспортталады. Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс жоғары.