ТҮРКІСТАН: «Самұрық-Қазына» «Мектепке жол» жобасын жүзеге асырып жатыр

0
765

Қордың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: «Самұрық-Қазына» «Мектепке жол» жобасын жүзеге асырып жатыр

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы «Мектепке жол» қайырымдылық жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Самұрық-Қазына» АҚ Қордың 15 жылдығына орай, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба 2023 жылы күзде бірінші сынып табалдырығын аттайтын әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын балаларға көмек көрсету мақсатында қолға алынған.


Осы орайда қордың компаниялар тобының корпоративтік волонтерлері мен «EVO Қазақстан» ұйымының еріктілері бірлесіп, Алматыда мектеп жиынтықтарын жинауға кірісті. Сыйлықтар дайын болған соң өңірлерге жөнелтіліп, балаларға таратылмақ. Мектеп жиынтықтары Абай, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарындағы 15 мыңға жуық бірінші сынып оқушыларына беріледі деп жоспарланған. Олардың басым бөлігі ауылдық елді мекендерде тұратындар.


Көмекке мұқтаж балалардың тізімі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметтері негізінде жасақталған. Тізім жасаудағы басты шарттар – баланың бірінші сыныпқа баруы және әлеуметтік осал топтар санатына жатуы. Жоба, сондай-ақ, Қазақстандағы адам капиталын дамытуға өз үлесін қосады. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардан шыққан бірінші сынып оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдарын беру олардың әрбірінің сапалы білім алуына жағдай жасамақ. Мектеп жиынтықтарының бәрі өңірлердегі балаларға тамыздың соңына дейін жеткізілмек.