ТҮРКІСТАН: Сарыағашқа алғаш рет асыл тұқымды ірі қара әкелінді

0
2 605

Сарыағаштық СПК "Измир-Сарыағаш"​ шаруақожалығы ірі қараны Солтүстік Қазақстан облысына әкеліп отыр.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашқа алғаш рет асыл тұқымды ірі қара әкелінді

Сарағашқа алғаш рет ірі қара "Ангус" асыл тұқымды 50-ден астам сиыры әкелінді, алдағы уақытта тағы 100-ге жуық бас әкелу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


"Біз таналарды Солтүстік Қазақстан облысынан алып келдік. Бүгінгі таңда 57 тана, 5 асыл тұқымды бұқа алып келдік. Енді күз айында тағы 100-ге жуық ірі қара әкелуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі фермамызға 150 ірі қарабасы сыяды. Енді жаз бой қосымша тағы екі ферма саламыз деп отырмыз. Мақсатымыз ірі қара санын көбейтіп, ет өнімін өндіру", - дейді СПК "Измир-Сарыағаш" басшысы Балибек Мамедов.

Аталған шаруақожалық иесінің айтуынша, жайылым жер мәселесі алаңдаушылық тудырып отыр екен. Қазіргі таңда Сарыағаш ауданында 20 гектар жайлым жерге конкурс ұйымдастырылуда. Дегенмен, шаруақожалық 20 гектар емес 50 гектарға жуық жер берілсе деп отыр. Онда жоңышқа егуді жоспарлап отыр екен.

"Сарыағаш ауданында асыл тұқымды ірі қара сүтті бағытында "Сәкен" фермасы жұмыс жасайды, ал етті бағытында осы шаруақожалығы алғашқы сиырларын әкеліп отыр. Бүгінде аталған шаруақожалық субсидия алу үшін құжаттарын тапсырып жатыр. Бізде жер комиссиясы бар. Сол комиссияға осы шаруақожалық өз арызын берді. Алдағы уақытта конкурс болады, сол конкурсқа қойылып отырған 20 гектар жерге қатысатын болады. Дегенмен, ірі қараға бұл жер жетпейді. Алдағы уақытта жайылымдық жер мен жем-шөп базасын қарастырып, конкурсқа қойып, комиссия қарауына жолдаймыз", - дейді Сарыағаш ауданы ауылшараушылығы және кәсіпкерлік бөлім басшысы Нұрболат Талипов.

Айта кету керек, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы "Измир-Сарыағаш" шаруақожалығы бүгінде 30 гектар жеміс ағаштарын да күтіп баптауда. Оның 5 гектары жүзім, 5 гектары алма ағаштары болса, 15 гектар қара өрік ағаштарынан тұрады. Аталған қожалық мемлекет тарапынан субсидия алып өз кәсібінің нәсібін көріп отыр.