ТҮРКІСТАН: Сарыағашта апатты жағдайдағы көпірлер жөнделеді

0
1 034

Бюджеттен қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта апатты жағдайдағы көпірлер жөнделеді

Сарыағаш ауданында апатты жағдайдағы көпірлер жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аудан аумағында биыл апатты жағдайдағы 3 көпір ағымдағы жөндеуден өткізіледі.


Атап айтсақ, Жемісті ауылдық округіне қарасты аудандық маңызы бар Жемісті-А2 автомобиль жолының бойында орналасқан көпірді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарыпынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын биылғы қазан айына дейін аяқтап, тұрғындар игілігіне пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Сонымен қатар, биыл тамыз айында 2 көпір ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, Сарыағаш қаласындағы Созақ көшесінде орналасқан Кескент каналының үстінен өтетін көпір және Әлімтау ауылдық округіне қарасты аудандық маңызы бар Әлімтау-Тасқұдық автомобиль жолының бойында орналасқан көпір бар.


Бүгінгі таңда көпірлерді жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды.