ТҮРКІСТАН: Сарыағашта соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

0
589

Аудан басшысы ардагерге және оның отбасына амандық саулық тілеп, құттықтау қағазы мен қосымша демеушілер есебінен арнайы 1 000 000 теңге қаржылай сыйлықты табыстады.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Сарыағашта Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев,аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасыныңбасшысы А.Тулендиев 9 мамыр –Жеңіс күні мерекесі қарсаңында аудан тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы қарияИшхонов Эрмоханның үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.


Аудан басшысы ардагерге және оның отбасына амандық саулық тілеп, құттықтау қағазы мен қосымша демеушілер есебінен арнайы 1 000 000 теңге қаржылай сыйлықты табыстады. Ардагер құрмет көрсетуге келген қонақтарды қуана қарсы алып, өзінің майдан даласындағы кешкен қиыншылықтарынан сыр шертіп, қан майдандағы шайқастарын, қарулас достарын еске алды. Сөз соңында жас ұрпаққа бейбіт өмір мен амандық тілеп, алғысын айтып, ақ батасын берді.


Ардагер 1923 жылы 1 қаңтарда Ташкент облысы, Калинин ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттанған. I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы» ордендерімен, «Мінсіз қызмет атқарғаны үшін», «Украинаның 50 жылдығы», «Ерлігі үшін» және т.б медальдармен марапатталған. Ардагер 4 ұл мен 3 қыздан 33 немере, 49 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отыр.