ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық полицейлері заңсыз сауда дүңгіршектерін жойды

0
1 004

«Жібек жолы» кеден бекетінің алдын рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық полицейлері заңсыз сауда дүңгіршектерін жойды

Заңсыз сауда орындарын жою мақсатында рейдтік іс-шараға шыққан Сарыағаштық тәртіп сақшылары еш рұқсатсыз салынып, сауда жасап тұрған дүңгіршектерді жойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полицейлер Жібек жолы ауылында орналасқан «Жібек жолы» кеден бекетінің алдын жабайы саудадан арашалады. Өз бетінше белгіленбеген жерге пластикалық рамадан жасалған дүңгіршектерін қойып, заңсыз ақша айырбастау пунктерін ашып алған тұлғалдарға, заңсыз ақша айырбастауға болмайтындығы түсіндіріліп, арнайы техниканың көмегімен аталған дүңгіршектер орындарынан алынды.

Сондай-ақ, тексеріс барысында Сарыағаш АПБ ЖПҚ УПИ-мен 5 азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалармен елді мекендер инфрақұрылымы обьектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша ескерту жасалды. Оған қоса, осы заңсыздық қайта жасалған жағдайда 20АЕК (50500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы полицейлері жеке кәсіпкерлерге тек арнайы белгіленген орындарда ғана сауда жасауға, дүңгіршек орнатуға кеңес береді. Заңға қайшы тірлік жасасаңыз, оның өз жауапкершілігі барын ескертеді.