ТҮРКІСТАН: Сауда орталығы өртке оранды

0
994

Өрттің шығу болжамы электр сымдарының қысқа тұйықталуы.


ТҮРКІСТАН: Сауда орталығы өртке оранды

Жетісайдағы базардан өрт шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін сағат 12:17-де Түркістан облысы Жетысай ауданы Жетысай қаласындағы Қожанов көшесінің бойында орналасқан «Қарақай-7» сауда базарының аумағынан өрт шықты. Тілсіз жау 1 қабатты 4-бөлмеден тұратын, оның ішінде 3 қойма, 1 жиһаз цехы, жалпы көлемі 180 шаршы метр болатын аумақты шарпыған (барлығы 11 бөлме, жалпы көлемі 450 ш.м. қабырғасы шлакоблоктан, шатыры шиферден).

Өрт сағат 12:43-те оқшауланып, 13:13-те толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу болжамы электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Аталған апатты оқиға орнына ТЖД-ның 6 техникасы мен 18 қызметкері, ПД-дан 30 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылған.