ТҮРКІСТАН: «Сауран» клубының балуандары жеңіске жетті

0
634

3 алтын, 4 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді.


ТҮРКІСТАН: «Сауран» клубының балуандары жеңіске жетті

Есту қабілеті төмен спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен ҚР чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қостанайда есту қабілеті төмен спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен ҚР чемпионаты өтті. Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары 3 алтын, 4 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді.


Облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының мақтаныштары – талай чемпионды шыңдаған жаттықтырушылар Медет Қожабеков пен Нұржан Асылбековтің шәкіттері.


Еркін және грек-рим күресінен бақ сынаған Оңласын Ерман 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында 60 келіде чемпион атанды. Сондай-ақ қоссайыста Ерсұлтан Ұлық 97 келі салмақта күміс, Сұлтанбейбарыс Сансызбаев 65 келіде қола медаль еншіледі.


Болашағынан үміт күттіретін Дарын Асқар 45 келі салмақта өнер көрсетіп, грек-римнен чемпион атанды. Еркін күрестен де белдесуге боз кілемге шыққан балуан қола медальды қанағат тұтты.