ТҮРКІСТАН: Сауранда өндірістік алаңдар құрылады

0
304

Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Таңғатаров баспасөз жиынында айтты.


ТҮРКІСТАН: Сауранда өндірістік алаңдар құрылады

Сауран ауданындағы 7 ауылдық округте өндірістік алаңдар құрылатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданында І кезең – 2024-2026 жылдары Шаға, Қарашық, Иассы, Шорнақ және Үшқайық ауылдық округтерінде, ІІ кезең – 2026 жылдан бастап қалған 7 ауылдық округте өндірістік алаңдар құрылатын болады. Осы орайда Шаға ауылдық округінен өндірістік парк үшін 30 гектар жер бөлінген және индустриалды аймақ құру үшін тағы 70 гектар жер бөлінді. Қазіргі таңда 10 браунфилдтің құрылысы аяқталды, қалған 29 браунфилд кезең-кезеңімен салынатын болады. Қарашық ауылынан шағын өндірістік алаңға 10 гектар жер бөлініп, 21 кәсіпкермен меморандум түзілді. Онда жиһаз жасайтын 9 цех, құрылысқа қажетті материалдар өндіретін 10 цех, бір тігін цехы мен қолөнер бұйымдарын өндіретін 1 цех ашылады. Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Таңғатаров баспасөз жиынында айтты.


«Бүгінгі күнге дейін 4 кәсіпкер цех құрылысын бастады. Өндіріс алаңына қажетті электр желісі тартылып, жолдарға тас төселді. Еңбекші Дихан ауылынан «Иассы» өндірістік алаңына 9 гектар жер бөлініп, 18 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күнге дейін 9 кәсіпкермен меморандум түзіліп, 2 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастады. Мұнда жиһаз жасайтын 3 цех, құрылысқа қажетті материалдар өндіретін 4 цех және тамақ өнімдеріне қажетті материалдар өндіретін 2 цех ашылады. Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер Абишов Ықпал меншігіндегі 8 гектар жерге өндірістік алаң құрылды. Қазіргі таңға дейін 1 гектар аумақта жиһаз жасау цехының құрылысы басталды. Жоба 2024-2030 жылдар аралығында іске асырылады. Теке ауылынан «Үшқайық» өндірістік алаңы жобасына 18 гектар жер учаскесі бөлінді. 2025-2030 жылдар аралығында 37 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл жерде құрылысқа қажетті материалдар өндіретін 5 цех, сүт өңдейтін 1 цех және бір тігін цехын салу мақсатында меморандум түзілді. Өндірістік алаңда басқа да жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлармен келіссөз жүргізілуде», - деді Мақсат Асылбекұлы.

Бөлісу