ТҮРКІСТАН: Шалғай аудандарға сапалы интернет жетті

0
519

4G мобильді интернеті пайда болды.


ТҮРКІСТАН: Шалғай аудандарға сапалы интернет жетті

Төлеби, Қазығұрт және Келес аудандарының тұрғындары Интернет желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Төлеби, Қазығұрт және Келес аудандарының тұрғындары Интернет желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен байланыс операторлары арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылуда.


2020 жылға дейін 850 адам тұратын Төлеби ауданының Балдыберек ауылында мобильді интернеттің сапасы өте төмен болатын. Сол себепті тұрғындар тарапынан шағымдар көп болды. Биыл Балдыберек ауылының тұрғындарында 4G мобильді интернеті пайда болды.


Жоғарыда аталған мәселе 1000-нан астам халқы бар Келес ауданының Бозсу ауылында, сондай-ақ 1000-нан астам халқы бар Қазығұрт ауданының Жеңіс ауылында да туындады. Енді 250+ жобасы аясында барлық ауыл тұрғындарына кең жолақты интернет желісі жетті. Алдағы уақытта өзге де елді мекендер интернеттің игілігін көре алатын болады.