ТҮРКІСТАН: Шегірткеге қарсы қосымша химиялық өңдеу қарқынды жүргізіліп жатыр

0
211

Өңдеу жұмыстары таңғы сағат 4.00-ден және кешке басталып, түнгі уақытта да жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Шегірткеге қарсы қосымша химиялық өңдеу қарқынды жүргізіліп жатыр

Түркістан облысындағы бірер аймақта шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қажетті жұмыстар күшейтіліп, тиісті техника жұмылдырылды. Залалсыздандырумен бірнеше арнайы көлік пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 2 ұшақ ұсынылған болатын. Химиялық өңдеуді күшейту үшін қосымша ұшақтар жұмылдырылатын болды. Өңдеу жұмыстары таңғы сағат 4.00-ден және кешке басталып, түнгі уақытта да жүргізілуде.


Өңірге АШМ вице-министрі Е.Кенжеханұлы, АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Д.Әбдікәрімов келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды зиянкестерге қарсы қосымша күрес жұмыстарымен танысып, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларымен жиналыс өткізді.


Түркістан облысы, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округінде шегірткетектестердің ұшуы байқалды. Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдын алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізу келісілді. Зиянкестермен қосымша күрес күшейтіліп, қажетті техника жұмылдырылды.


Тиісті жұмыстың ерте басталып, дер кезінде жүргізілуінен ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындарға жол берілмеді. Биыл шегірткенің таралуы ауа райының салқын, жаңбырлы, желді болуына байланысты бір айға созылды. Залалсыздандырудан аман қалған шағын көлемінің қанаттанып, үйірленуі байқалуда. Сондықтан қосымша өңдеу жүргізілуде.


Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы күрес «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» болжамымен 260 мың гектардан астам алқапқа жүргізілді. Марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша жалпы аумағы 715,18 мың га алқап трлық зерттелген.


Химиялық өңдеу жұмыстары нақты республикалық болжам орталығы анықтаған алқаптарда атқарылды. Мамандар шегірткенің таралу ошағы жойылғанын мәлімдеген. Облыста жалпы өңдеу жұмыстары сәуір айының басында басталған.