ТҮРКІСТАН: Соңғы 2 тәулікте короновирус жұқтыру жағдайы тіркелмеді

0
545

COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 150 екпе салдыру пункттерінде жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Соңғы 2 тәулікте короновирус жұқтыру жағдайы тіркелмеді

Түркістан облысында соңғы 2 тәулікте короновирус тіркелмеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында соңғы екі тәулікте COVID-19 індетімен ауырған науқастар тіркелмеген. Өңірде коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыста пандемия басталғалы КВИ-дің 15748 жағдайы тіркелді. Оның 7746-ы симптомсыз өткен. Бүгінде облыс – «жасыл аймақта». Қазір инфекциялық стационарларда 680 орын бар. Оның 569-і бос тұр. Сондай-ақ бүгінге дейін 1 162 707 ПТР сынамасы алынған.


Сонымен қатар вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Өңірде 1036429 адам өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Екінші компонентпен 1017011 адам вакцина салдырды. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 150 екпе салдыру пункттерінде жүргізілуде.