Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаменттерінің басшысы Н. Қамбатыров өңірде сыбайлас жемқорлық деңгейінің 38% төмендегенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаменттерінің бастамашылығымен өткізілген кеңейтілген мәжіліс барсында мәлім болды.
Сонымен қатар, Ұлттық бюроның департаменті басшысы өңірдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің конституциялық құқықтарын және бостандықтарын қорғау жолында біршама жұмыстар атқарғанына тоқталып. Республиканың әр өңірінің ерекшелігіне сәйкес, Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласы дамыған, осы салада шағын және орта кәсіпкерлерге бөлінген, сонымен қатар Түркістан қаласының облыс орталығы мәртөбесіне иеленуіне байланысты қаланың көркейуіне және дамуына бөлінген көптеген инвестицияларды мақсатты жұмсалуына назар аударатынын айтып өтті.