ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде семинар өтті

0
492

Семинардың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.


ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтау жөнінде семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Данияр Бектұрғановтың төрағалығымен өткен құқықтық оқыту семинарында кеңінен айтылды.


Оған облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, аудан, қала әкімдіктерінің Әдеп жөніндегі уәкілдері, басқарма басшыларының орынбасарлары мен кадр қызметіне жауапты қызметкерлер қатысты.


Семинардың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Құқықтық оқыту семинарына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері полковник Ғалымжан Құлманов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шараларын түсіндіру барысы туралы баяндама оқыды.


Сондай-ақ облыс әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарушы Нұрдос Құлмаханов «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын түсіндіру барысы туралы жан-жақты баяндады.


Семинар сабағы барысында қатысушыларға әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті екендігін, оларға – халыққа адал, әділ, қарапайым болуын, әдептілік нормаларын сақтауының маңыздылығын түсіндірді. Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуін, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақталуын ескертті.